Темір-терсек жинап жүрген бала әскери базадағы жарылыстан қаза тапты

04.02.2019 17:34

Тәжікстандағы ресейлік әскери полигонның аумағында қайғылы оқиға болды

sputniknews.kz

Тәжікстанда 201-ші ресейлік әскери база аумағында оқ-дәрі жарылысынан тоғызыншы сынып оқушысы ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.

Бастапқы тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, Рудаки ауданының тұрғыны, 16 жастағы Сироджиддин Раджабов полигон аумағына жасырын кіріп, темір-терсек жинамақ болған. Өкінішке қарай, оқ-дәрі жарылып, жасөспірім қаза тапты.

Оқиғаға қатысты басқа деректер жарияланған жоқ.

Ресейдің 201-ші әскери базасы – Орталық әскери округ құрамындағы Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әскери бөлімі. База Тәжікстанда орналасқан.