Жапонияда 16 мыңнан астам үй жарықсыз қалды
Depositphotos
Бұл туралы Tohoku Electric Power энергетикалық компаниясы хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жапон теңізінің жағалауындағы бірнеше аймақта және Хонсю аралының солтүстік-шығысында жауған қалың қар салдарынан 16 000 үй электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Tohoku Electric Power энергетикалық компаниясы хабарлады.
Ниигата өңіріндегі 11 000 үйде электр жарығы жоқ. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жексенбі күні Жапонияның солтүстік-шығыс аймақтарында қалың қар жауды. Кейбір префектураларда, мысалы, Аомори, Ниигата, Фукусима және Ямагатада қардың қалыңдығы бір-екі метрге жеткен.
Өңірлерде көлік қозғалысы да қиындаған. Кейбір бағыттағы пойыздар тоқтатылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34