Имам мұсылмандық салт бойынша ер азаматпен неке қиды
Угандалық Мұхаммед Мұтымба есімді имам Шабулла Набукира есімді бойжеткенге үйленген. Бірақ екі аптадан кейін арудың Ричард Тумушабе есімді алаяқ ер азамат екендігі анықталған, деп хабарлайды Stan.kz.
Мұтымба өткен жылдың соңғы айында мешітте бойжеткенмен танысады. Алайда әлгі қыздың киініп алған еркек екендігін білмепті. Желтоқсан айында олар мұсылмандық дәстүр бойынша неке қию рәсімін өткізген. Үйленбей тұрып, имам «қыздың» туған ауылына барып, оның туыс әпкесіне қалың малын апарып беріпті.
Алғашқы неке түні күні «Набукира» дін жолындағы ер азаматпен төсектес болуға бас тартыпты. Бұл жағдай екі аптаға созылған. Бұл әрекетін «бойжеткен» жарының өзінің ата-анасымен таныспағандықтан деп түсіндірген. Тумушабе өзінің еркек екенін өте жақсы жасырған көрінеді. Ол ұзын хиджаб киіп, орамал тағып, бетін бояп, тіпті киімінің ішіне омырауының орнына арнайы зат салып жүрген. Оған қоса ол дауысын қыздардай айнытпай салған.
Оның әйел еместігі кейіннен анықталыпты. Бір күні имамның көршісіне әлдекім ұрлыққа түсіп, бағалы киім, теледидар мен 300 мың угандалық шилингті (81 доллар) алып кеткен. Ең алғашқы күдікке имамның «жары» ілініпті. Түрмеге қамалған бойжеткеннің қитұрқы әрекеті бірде әшкере болған. Бұған қоса оның туыс әпкесі болып таныстарған азаматша да жауапкершілікке тартылыпты. Ол Тумушабемен бір жарым жыл бұрын танысқанын айтқан.