Ол жазбаны X парақшасында жариялады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.
Аданом бұл жазбаны X (бұрынғы Twitter) парақшасында жариялады.
- Бүгін - Қазақстан халқы үшін қаралы күн. Жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын, - деп жазды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Президентіне шет мемлекеттер көңіл айтып жатыр