Қытайда шахтаны су басып, кеншілер жер астында қалып қойды
Фото: ашық дереккөзден
Шұғыл қызметтер апат орнында жұмыстарын жалғастыруда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында көмір шахтасын су басып, 21 адам жер астында қалып қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, апат сенбі күні Бейжің уақыты бойынша кешкі 18:10-да ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Чанцзи-Хуэй округы Хитуби уезінде болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, жөндеу жұмыстары кезінде шахтаны су басып, салдарынан электр қуаты өшкен. Кеншілермен байланыс та үзілген. Төтенше жағдай кезінде шахтада 29 кенші болған, сегізі құтқарылды. Қазіргі кезде 21 адам су басқан шахтада қалып отыр. Шұғыл қызметтер апат орнында жұмыстарын жалғастыруда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43
Қазақстандық парадзюдошы Азия Пара ойындарында алтын жеңіп алды
21.10.2026 17:54