АҚШ ауруханасында атыс болып, 5 адам қайтыс болды

02.06.2022 17:47

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде

BBC

АҚШ-тағы Оклахома штатының Талса қаласындағы ауруханада атыс болып, бес адам қаза тапты. Олардың арасында оқ атқан адам да бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері оқиға болған Киелі Франциск ауруханасына жеткенінде қарулы шабуылшы мерт болған. Әзірге аты-жөні белгісіз ер адам мылтық пен тапаншамен қаруланған. Полиция бастығының орынбасары Эрик Далглиш атыс кезінде төрт бейбіт тұрғын мен оқ атқан адамның қаза тапқанын, сондай-ақ көптеген адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Полицияда шабуылдың не себеп болғаны жайлы ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.