Бұл – бұрынғыдан 7-11 фунт стерлингке артық
Британдық RAC автомобиль ұйымының мәліметінше, кейінгі бір айда бензин бағасы жаңа рекордтық жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ресей мұнайына тәуелділікті азайту шаралары жанар-жағар май бағасының өсуіне, соның салдарынан басқа да тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына ықпал еткен. Қазіргі кезде бензиннің орташа бағасы – литріне 186,59 пенс, ал дизель отынының бағасы – 192,48 пенс, яғни мамыр айының аяғынан бері 7,4% және 5% өскен. RAC өкілі Саймон Уильямс қазір отбасылық көлік багын бензинмен толтыру шамамен 103 фунт стерлинг, ал дизель отынына 106 фунт стерлингке түсетінін айтты. Бұл – бұрынғыдан 7-11 фунт стерлингке артық. RAC ел үкіметін жанар-жағар май салығын азайтуға үндеді.
Ұлыбритания үкіметі отын, электр энергиясы мен азық-түлік бағасының шарықтап кетуіне байланысты халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесу үшін 37 млрд фунт стерлинг көлемінде көмек пакетін дайындады.