Махаббат жасқа қарамайды: Башқұртстанда қарттар неке қиды

elements.envato.com
elements.envato.com
Старобайшский қарттарға арналған интернат үйінде ерекше той өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Башқұртстанда 70 жастағы қария мен 88 жастағы әжей отау құрды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Башқұртстандағы Старобайшский қарттарға арналған интернат үйінде ерекше той өтті. 70 жастағы Халаф Хабирялов пен 88 жастағы Зугра Тагирова неке қиған. 

Әйел біраз уақыттан бері Старобайшский пансионатында тұрады. Бір мекемеде өмір сүретін отау иелері неке қиып, шаңырақ көтеруге ниет білдірген. 

Бұл қалауларын жергілікті молда Ильдар-хазрет Миргазтдинов орындап, қос қарияның некесін қиды. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұсылман ұйымдары ұйымдастырған мерекелік дастарханда жас жұбайлар әзілдесіп, көңіл көтерген.

- Біз Халаф пен Зуграға жеке бөлме беруді ұйғардық. Олар бақытты әрі ұзақ ғұмыр кешсін. Бір қызығы, екеуі де қаншама қиындықты бастан өткерсе де, өмірге деген сүйіспеншілікті жоғалтпаған. Тіпті жастары жиырмадағыдай, көңілдері жас, – деді пансионат директоры Салауат Гиззатуллин.

Оқи отырыңыз: Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Новости партнеров