Ыстамбұлда күн мен түн ауысып кетті

20.04.2023 17:53

Ерекше құбылыс ауа райының ауытқуын бақылайтын бейнекамераға түсіп қалған

vladimir.bezformata.com

Түркияның Ыстамбұл қаласын тапа-тал түсте Мәрмәр теңізінен келген алып қара бұлт басып қалды. Бұл туралы Yeni Mesaj газеті жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ерекше құбылыс ауа райының ауытқуын бақылайтын бейнекамераға түсіп қалған. Қара бұлт 10 шақырымды қамтыған. Бұлттың тығыздығы күнді жауып, бес минут бойы айналаны қара түнек басқан. Тек жеңіл көлік шамдары ғана көрінген.

Ешқандай оқиғаға тіркелмеді. Бірақ қала тұрғындары мен қонақтар қорқып қалғаны рас. Ал кей жандар табиғи құбылысты «жаман» белгі деп санап отыр.

Дереккөз: tourister.ru