Аспаннан түскен мәйіт Лондон тұрғынын жазым ете жаздады
1zoom.ru
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Лондонның Клэпхэм ауданында өз ауласында күн шуағына арқасын қыздырып жатқан адамның дәл жанына аспаннан адамның денесі құлады, деп хабарлайды ВВС.
Оқыс жағдайдан жаға ұстаған тұрғындар шұғыл полиция шақырады. Анықталғандай, мәйіт Хитроу әуежайына қонардың алдында Kenya Airways әуе компаниясы ұшағының шассиінен құлаған.
Скотленд-Ярд өкілдерінің жорамалынша, мерт болған адам билетсіз ұшқан көрінеді. Жолаушы өзімен бірге ас-суын да алып алған екен. Олар кейінірек ер адам жасырынып отырған жерден - шасси бөлігінен табылды.
Айта кетейік, ұшақ Найробиден Лондонға дейін 9 сағаттай ұшқан.
Жазым болған адамның тұлғасы әзірге анықталған жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11