Ағасы туған інісін пышақтап өлтірді

27.11.2019 17:54

"Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Украинаның Одесса облысында 46 жастағы тұрғын інісінің жүрегіне пышақ сұғып алған. 41 жастағы ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Ағасы мен інісі арасындағы жанжалға теледидардың пульті себеп болған. Екеуі оны бөлісе алмады, деп хабарлайды Sputnik.

"Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Күдікті қамауға алынды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Теги: пышақ