Тікұшақ Бергвилль қаласында пациентке барар жолда құлаған
ОАР-дың оңтүстік-шығысындағы Квазулу-Наталь провинциясында жедел жәрдем тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Агенттік хабарлағандай, бортта ұшқыш пен төрт медицина қызметкері болған. Тікұшақ Бергвилль қаласында пациентке барар жолда құлаған. Куәгерлердің айтуынша, тікұшақ құламас бұрын жарылған. Оқиғаның мән-жайы туралы әзірге өзге ақпарат жоқ.