Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,31 долларға қымбаттаған. Яғни, 1 баррелі 60,05 доллар
Мұнайдың әлемдік бағасының көтерілгенін Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сауда-саттықтан көруге болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,31 долларға қымбаттаған. Яғни, 1 баррелі 60,05 доллар. Ал Нью-Йорк тауар биржасында қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,13 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,34 долларға жеткен.