Бұл туралы Зеленский Facebook желісінде жазды
Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңындағы ұшақ апатында қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Украина басшысы Facebook желісінде жазды.
«Таяу Шығыстан келген суық хабар. Ұшақ апатында опат болған марқұмдардың туыстарына қайғыра көңіл айтамын», - дейді Зеленский.
Зеленский Ирандағы Украина елшілігіндегі аталған жайт бойынша істің мән-жайын анықтайтынын жеткізді.