|
27.05.2019 | 12:57
2465

Әйелі тастап кеткен жігіт адам танымастай өзгерді (фото)

Жары тастап кеткен соң қатты қайғырған жігіт өз өмірін қолға алып, керемет жетістіктерге жеткен

Әйелі тастап кеткен жігіт адам танымастай өзгерді (фото)

Жапониялық жігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы оқырмандарын өміріндегі оң өзгерістермен қуантуда. Оны бірнеше жыл бұрын әйелі тастап кеткен. Жігіт күйзеліске ұшырап, шашы түсіпті. Оның үстіне артық салмақ жинай бастаған.

Алайда ол жараланған жүрегін емдемек болып, спортқа қайта оралыпты. Бодибилдингпен айналысып, адам танымастай өзгерген, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Жігіт біртіндеп салмағын азайтыпты. Барлығы он екі келі жоғалтқан. Бұлшықеттері өскен сайын өзіне деген сенімділігі де арта түсіпті.  

«Мен осыдан бес жыл бұрын ажырастым. Күйзеліске ұшырап, ішімдікке салына бастадым. Бірақ жастық шағымда бодибилдингпен айналысқым келгені есіме түсті. Жарыстарға қатысуды армандаған болатынмын», - деп жазады ол.

Сол кезден бері жапондықтың өмірі түбегейлі өзгерген екен. Ол байқауларда жеңіске жете бастапты. Жеке өмірінде де жағымды жаңалық жоқ емес. Ол байқау кезінде модель қыздардың бірімен танысқан.

«Менің өмірім өзгелерге үлгі болса деймін. Өмір сыйлаған мүмкіндікті қалт жібермей, өзгеруге тырысыңыз», - дейді жапониялық жігіт.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир