|
05.03.2019 | 12:57
3135

Әлемдегі ең бай әйел анықталды

Оның байлығы 49,3 млрд доллардан асып түседі

Әлемдегі ең бай әйел анықталды Беттенкур Майерс / Фото Reuters

L'Oreal компаниясының негізін қалаушысының немересі Беттанкур-Майерс Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай әйел деп танылды. Оның байлығы 49,3 млрд доллардан асып түседі.

Беттанкур-Майерстің байлығы бір жылда 7,1 миллион долларға дейін (17 пайызға) өскен. Бай адамдардың тізімінде ол 15-орынға тұрақтады.

Басылымның мәліметінше, толық тізім бүгін, 5 наурызда жарияланады.

Айта кеткен жөн, 2018 жылы Forbes рейтингі бойынша ең бай әйелдер тізімінде Walmart гипермаркетінің негізін қалаушының қызы Элис Уолтон бірінші болған еді. Басылым оның қаржылық жағдайын 46 миллиард долларға бағалаған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир