|
11.09.2020 | 13:02
873

Израильде қайтадан жалпыұлттық локдаун енгізілуі мүмкін

Дүйсенбіден бастап ел астанасындағы аудандардың көпшілігінде қатаң шектеулер қайта қолданылады

Израильде қайтадан жалпыұлттық локдаун енгізілуі мүмкін inform.kz

Израиль билігі ауру жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қайтадан жалпыұлттық локдаун енгізу мүмкіндігін талқылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бүкіл ел бойынша эпидемиологиялық жағдайы ең қолайсыз 40 «қызыл аймақта» жергілікті шектеулер енгізілді. Сәрсенбіде елдің Денсаулық сақтау министрлігі ауруға шалдығудың 3904 жаңа жағдайы туралы хабарлады, бұл – пандемия басталғаннан бергі жаңа тәуліктік рекорд. Қазіргі уақытта елдегі коронавирус жұқтыру жағдайларының жалпы саны 142,5 мыңнан асады, 1054 науқас көз жұмған.

Индонезия астанасы Джакарта билігі қаладағы жағдай төтенше жағдайға жақын деп отыр. Соңғы бірнеше күнде қалалық ауруханалар коронавирус диагнозы расталған науқастарға толып қалған. Дүйсенбіден бастап ел астанасындағы аудандардың көпшілігінде қатаң шектеулер қайта қолданылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир