Майк Тайсон жанкүйерлерін жаттығуымен таңғалдырды

12.05.2020 18:03

Видеодан 54 жастағы спортшы өз бапкерімен жаттығып, жасаған жойқын соққыларын көруге болады

Фото:instagram.com/miketyson

Америкалық танымал боксшы Майк Тайсон Instagram-да өзінің жаттығуларын көрсетіп, рингке оралғысы келетінін жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеодан 54 жастағы спортшы өз бапкерімен жаттығып, жасаған жойқын соққыларын көруге болады.

"Іске ақылмен кіріссең, бәрі мүмкін болады. Ақылмен жаттығыңыз. Ақылмен қалыпқа келуге болады", - деп жазды Тайсон видеоның астында.

"Мен оралдым", - деді боксшы видеоның соңында.

Видео 1,5 миллионнан астам оқырманға ұнаған. Олар "Вау!", "Чемпион осында!", "Темір Майк" деген пікір қалдырды.

Қазір Майк Тайсонның Instagram желісінде 10,5 миллион оқырманы бар.

Еске салайық, Тайсон соңғы жекпе-жегін 2005 жылғы 11 маусымда өткізді. Ол Ирландияның орта салмақтағы боксшысы Кевин Макбрайдпен жұдырықтасып, жеңіліп қалған еді. 2019 жылдың сәуірінде боксшы ринге оралғысы келетін жоспарын айтқан болатын.