Украинаға Ухань қаласынан жеткізілген азаматтарды жергілікті халық мұздай қаруланып қарсы алды

Almaty.tv
Almaty.tv
Новые Санжары селосының тұрғындары Қытайдан қайтқандарды елімізге коронавирус алып келді деп ойлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әуежайдан қалаға бет алған автобусты шабуылдаған Полтава облысы, Новые Санжары селосының тұрғындары қытайдан қайтқандарды елімізге коронавирус алып келді деп есептесе керек. Шабуыл кезінде олар автобустардың терезелерін тас атқылап сындырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, жолаушылар салон ішінде болған балаларды денесімен жауып, мүмкіндігінше қорғауға тырысыпты. Автобустарда Украинаның 45, сондай-ақ Аргентина, Эквадор, Доминикан Республикасы, Сальвадор, Коста-Рика, Черногория, Панама және Израиль елдерінің 28 азаматы болған.

Шабуылға қарамастан, автобустар Украина ұлттық гвардиясының қолдауымен «Новые Санжары» медициналық орталығына кіріп үлгерген. Артынша шипажай қақпасы жабылып, жергілікті тұрғындар мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыс басталды. Тіпті, митингіге шыққандардың бірі көлігімен полиция бекетін бұзып өтпек болыпты. Салдарынан, 9 полицей мен бір тұрғын ауруханаға түсіп, тас атқылаған 10 бұзақы қамауға алынды.

Қазір әлемдік ақпарат құралдары Украинадағы бұл келеңсіздікке қатысты түрлі пікірлер айтуда.

Еске сала кетсек, 20 ақпан күні арнайы әуе кемесімен Ухань қаласынан шетелдік азаматтар Украинаға жеткізілген болатын.

Новости партнеров