Тілсіз жау 230 шаршы метр аумақты қамтыған
Өрт Ресейдің Ростов облысындағы тұрғын үйдің бірінен шыққан. Балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сілтеме жасап.
Тілсіз жау 230 шаршы метр аумақты қамтыған. Өртті сөндіру үшін 39 адам мен 12 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайға не себеп болғаны әлі белгісіз.
3 пен 6 жастағы қос жеткіншектің мәйіті оқиға орнынан табылса, 4 жасар бала ауруханаға жетпей көз жұмды.
Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.