АҚШ елшілігінің қызметкерлері Абай өлеңдерін оқыды

10.08.2022 18:08

Сондай-ақ «Көзімнің қарасы» сынды әндері орындалды

24.kz

Абай күніне орай Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері ұлы ойшылдың өлеңдерін оқыды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақстанға келгелі бері біз де хәкім Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен танысуды жөн көрдік. Сонымен қатар, үзінді болса да кейбірін жатқа айтқымыз келеді», - деді Брайн есімді қызметкер өзінің бейне үндеуінде.

Атап айтқанда АҚШ елшілігінің қызметкерлері «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңдерін оқыды. Ал Джон есімді тағы бір қызметкер «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді.