Мектеп оқушылары отырған автобус құздан құлап, 27 адам қайтыс болды

11.03.2021 18:09

Қайғылы оқиға 11 наурызға қараған түні Ява аралында болған

smi.today

Индонезияда мектеп оқушылары отырған автобус құздан құлап кетті. Кемі 27 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 11 наурызға қараған түні Ява аралында болған. Автобуста оқушылар мен ата-аналар отырған, олар экскурсиядан келе жатқан. Жалпы 66 адам болған. 27 адам қаза тапқан.

Жәбірленушілер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болғандар туралы ақпарат белгісіз. Тек оқушылар ислам мектебінде оқығаны белгілі.