Вакцина құрамында коронавирусқа қарсы қауіпсіз генетикалық код бар
АҚШ-та короновирусқа қарсы екпе ойлап табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Зерттеу жұмыстары Сиэтл қаласындағы Кайсер Пермонет орталығында жүзеге асырылған. Бүгінгі күні вакцина америкалық төрт еріктіге салынды. Бұл тәжірбиеге олардың өздері келісім берген. Еріктілердің әрқайсысы әртүрлі дозада екпе қабылдаған. Оларға 28 күн сайын екі вакцинадан салынып отырады. Вакцина құрамында коронавирусқа қарсы қауіпсіз генетикалық код бар. Ғалымдар екпе алған адам қауіпті індетті жұқтырмайды деген пікірде. Оның әсерін толықтай анықтау үшін әлі бірнеше ай керек. Тәжірбие сәтті өткен жағдайда, екпе бәріне қолжетімді болу жағы да қарастырылмақ.