Cолтүстік Кореяда халық қара аққудың етін жей бастады

04.11.2021 18:13

Халықаралық санкциялар мен пандемияның кесірінен қазір елде азық-түлік тапшылығы туындаған

Ашық дереккөзден

Солтүстік Корея тұрғындары қара аққудың етін тұтына бастады. Халықаралық санкциялар мен пандемияның кесірінен қазір елде азық-түлік тапшылығы туындаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тіпті 2019 жылдың өзінде ел билігі мектептер мен кәсіпорындарға өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін кез келген нәрсені өсіруге, өндіруге тапсырма берген екен. 

Бүгінгі таңда солтүстікореялық бұқаралық ақпарат құралдары «қара аққудың еті дәмді әрі пайдалы» деп жарыса жазып, насихаттауда.

Толық көрсету
Теги: аққу