АҚШ-та туристік автобус апатқа ұшырап, 57 адам зардап шекті

15.08.2021 в 18:14

Жол апаты Уидспорт ауылына жақын маңдағы тасжолда орын алған

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырап, 57 адам зардап шекті. Деректерге жүгінсек, көлікте туристер болған, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Штаттың полициясы анықтағандай, жол апаты Уидспорт ауылына жақын маңдағы тасжолда орын алған.

«Автобус Уидспорттың маңындағы тасжолда батыс бағытта аударылған. Сол сәтте көлікте 57 жолаушы болған. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Көлік туристік автобус болып шықты. Оның ішінде Ниагара сарқырамасына бет алған туристер болған. Арасында сондай-ақ балалар да бар.


Теги: жол көлік