Келтірілген шығынның нақты көлемі әзірге белгісіз
Сейсенбі күні таңертең Рендсбург округіндегі Люрссен кеме жөндеу орнында цех өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің 300-ге жуық қызметкері келді. Кешке қарай өрт ауыздықталды, жалын басқа ғимараттарға таралған жоқ. Су атқыштар, өрт сөндіру қайықтары және шынжыр табанды техника пайдаланылды.
Шахт-Аудорф аймағы мен оның кейбір бөліктері уақытша эвакуацияланып, тұрғындарға кешке үйлеріне қайтуға рұқсат етілді.
Полицияның мәліметінше, бүлінген ғимарат ішінде бір яхта да болған, ол өртеніп кетті. Lürssen-Kröger кеме жасау орны яхта жасаумен танымал.
Келтірілген шығынның нақты көлемі әзірге белгісіз.
Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Алайда өрттің салынып жатқан яхтадан шыққаны белгілі болды.