|
13.10.2019 | 15:15
5614

АҚШ-та қонақүйдің бір бөлігі опырылып түсті (видео)

Ғимарат құлаған кезде ішінде 45 адам болған

Жаңа Орлеанда салынып жатқан Hard Rock қонақүйі құлап, бір адам қаза тапты. Тағы үш адам үйінді астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрылыстың құлағаны видеоға түсіп қалған. Куәгерлер түсіріп алған видеолар WDSU New Orleans каналы мен Youtube-те жарияланған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауы бойынша оқиға 12 қазан күні болған.

Видеода көріп отырғанымыздай, қайта құрылып жатқан ғимараттың жоғарғы қабаттары құлап, құрылыс материалдары жан-жаққа шашылып жатыр. Барлығы 10 қабат құлаған. Сонымен қатар, жақын маңда орналасқан ғимараттар да зардап шеккен.

Куәгерлердің айтуынша, ғимарат құлаған кезде ішінде 45 адам болған. Ауруханаға 18 адам жеткізілген, оның үшеуінің жағдайы ауыр.

Құрылыстың бас мердігерінің сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, жоба сомасы 85 млн АҚШ доллары тұратын көрінеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир