Қылмысқа қатысы бар деген күдікке 35 жастағы әйел, 21 жастағы бозбала мен 20 жастағы бойжеткен іліккен
Мәскеудің жекеменшік мектептің директоры өзінің көңілдесінің әйелін өлтіруге тапсырыс берген, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы мәскеулік тергеу комитетінің өкілі Юлия Иванова мәлімдеді.
Тергеушілер қылмыстық іс қозғап, тексеру амалдарын бастап кетіпті. Қылмысқа қатысы бар деген күдікке 35 жастағы әйел, 21 жастағы бозбала мен 20 жастағы бойжеткен іліккен. Үшеуі де қамауға алыныпты.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдың соңғы айларында Мәскеудің оңтүстігінде орналасқан жекеменшік мектептердің бірінің директоры өзінің көңілдесінің жұбайының көзін құртпақшы болған. Бұл істі орындауды ол өзінің бітіріп кеткен түлектеріне тапсырыпты. Қаскөйлер өз араларында не істейтіндіктерін бөлісіп те алған. 9 қаңтар күні бойжеткен қылмысты орындаушыға әлгі өлтірілсін деген әйелдің үйіне кетіп бара жатқандығын айтыпты. Пәтерге жете берген жерде 21 жастағы жігіт азаматшаның мойнына және кеудесіне пышақ сұғып алады. Абырой болғанда, дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қалыпты.
Ресейлік БАҚ өкілдеріне хабарлағандай, өлтіруге тапсырыс берген әйел «Русский Гарвард» орта мектебінің директоры Василиса Маслова, қаскөйлердің үшінші курс студенттері және жәбір көрген азаматшаның Светлана Хананашвили екендігі анықталған. Ауруханаға түскен Мәскеу тұрғыны қаланың Акедемия ауданының муниципалды депутаты Михаил Хананашвилидің жары болып шығыпты. Ол жарақаттарына әлі де айықпаған. Дегенмен депутат жағдайдың оның қызметіне байланысты болғандығын айтып ақталыпты.