Зеленский ресми түрде Украина президенті атанды

20.05.2019 18:24

Владимир Зеленский президент антын беріп, президенттік биліктің рәміздерін қабылдады. Ол Украина мемлекетінің көшбасшысы қызметіне ресми түрде кірісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент ретінде сөйлеген алғашқы сөзінде ол әр украиналықтың президент екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы баршаны заң мен тәртіпке бағынуға шақырды.

Одан бөлек, Зеленский әлемнің әр бұрышында тұратын украиналықтарды елге, отананы оралуға шақырды.

Зеленский мемлекетте болып жатқан соғысты тоқтату үшін барын салатынын айтты.