Үндістанда коронавируспен ауырғандар жатқан қонақ үй өртенді

09.08.2020 20:10

Өрт салдарынан жеті адам қаза тапты

Спутник Қазақстан

Жексенбі күні «Сварна палас» үнді қонақ үйінде болған өрттен 7 адам көз жұмып, тағы 15 адам зардап шекті. Бұл қонақ үй коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған карантиндік және емдеу мекемесі ретінде пайдалануға берілген, деп хабарлайды, Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт Андхра-Прадеш штатының Виджайваде қаласында болған.

«Өрт салдарынан жеті адам қаза тауып, 15-20-сы зардап шекті. Олар шұғыл ауруханаға жеткізілді. Екі-үшеуінің жағдайы аса ауыр», - деді жергілікті полиция қызметкері.

Өрт науқастар арасында дүрбелең тудырған, олардың кейбіреулері ғимараттан секіріп кеткен. Мекемеде барлығы 22 науқас ем қабылдап жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған.