Almaty телеарнасы «Save Ralph» қысқаметражды мультфильмін қазақша дыбыстады

21.04.2021 18:29

Сұлулық үшін құрбан болған Ральф туралы мультфильм қалың көпшілікке ұнап жатыр

АҚШ-тың Жануарларды қорғау ұйымы «Ральфты құтқарыңдар» (Save Ralph) атты, опа-далапты жануарларда сынауды тоқтатуға шақыратын қысқаметражды мультфильм шығарды. Оны Almaty телеарнасы қазақша дыбыстады.

Мультфильмнің бас кейіпкері оң көзі көрмейтін, бір құлағы естімейтін – зертхана қояны Ральф. Ральф деректі фильм авторларына ата-анасы, бауырлары мен балалары секілді өзінің де сынақшы қоян екенін айтып береді. 

«Олардың барлығы жұмыста қайтыс болған. Мені де сол күтіп тұр. Бірақ, ештеңе етпейді. Біз сынақтар үшін өмірге келгенбіз. Қояндар үшін бұл бақыт», - деді ол.

Осы сөздерден кейін Ральф жылап жібереді, ал оның үйінің төбесін адамның қолы сындырып кіріп, оны сынаққа алып кетеді. Олардан кейін Ральф толықтай соқыр, түсіп қалған жүн мен терімен оралады.

Көз жанарынан айырылып, аурудан қиналған зертхана қоянын Тайка Вайтити дыбыстады, өзге рөлдерді Рики Джервейс, Зак Эфрон, Оливия Манн дыбыстады. Мультфильм режиссері – Лана Дель Рейдің «Summertime Sadness» әніне клип түсірген Спенсер Сассер.