Алайда оны күйеуі тастап кеткен екен
Угандада әлемдегі ең көпбалалы ана тұрып жатыр. Ол 38 баланы дүниеге әкелген.
Әлемдегі ең көпбалалы ана – Мариам Набатанзи. Ол небары 39 жаста. Бұл әйелдің ерекшелігі сол, әр жүктілігінде ол бірнеше бала туады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.
Мариам Набатанзи 13 жасында алғаш рет егіз босанған. Мұнан кейінгі 25 жылда әйел 5 рет егіз, 4 рет үшем және 5 рет төртем дүниеге әкелген.
Алайда оны күйеуі тастап кеткен екен. Бүгінде әйел 38 баласын жалғыз өзі тәрбиелеп жатыр.