Алты жасар бала әлемдегі ең жас программист атанды

Алты жасар бала әлемдегі ең жас программист атанды
Оқушы болашақта IT-кәсіпкер атанғысы келетінін айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанда тұратын 6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді деп жазады aninews.in деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үндістанның Ахмадабад қаласында тұратын екінші сынып оқушысы Архам Ом Талсания (Arham Om Talsania) Python әмбебап бағдарламалау тілін білу сынағын сәтті тапсыра алған. Бұл сынақты сәтті тапсыру үшін әдетте бірнеше жылдар бойы бағдарламалау саласында білімді шыңдау керек. 

«Әкем маған код жазуды үйретті. Мен планшетті 2 жасымда қолдана бастадым, ал 3 жасымда iOS және Windows операциялық жүйелеріндегі алғашқы гаджеттерге ие болдым. Кейін әкем Python-мен жұмыс істейтінін білдім. Компаниядан сертификатымды алған кезде шағын ойындар жасай бастадым. Microsoft дәлелдеу үшін менің жұмысымды жіберуді өтінді. Бірнеше айдан кейін олар менің біліктілігімді ресми түрде растады және Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері маған хабарласты», – дейді Архам. 

Оқушы болашақта IT-кәсіпкер атанғысы келетінін айтады.

Айта кетейк, Архамға дейін 7 жасар Лондон тұрғыны Мұхаммад Хамза Шахзад (Muhammad Hamza Shahzad) әлемдегі ең жас программист атанған еді. Оны да әкесі оқытқан.

Новости партнеров