Әйелдің денесі ванна ішінде 15 жыл жатқан

27.10.2019 21:10

Көршілері Изабел Ривераны соңғы рет 2004 жылдың қыркүйегінде көрген

zakon.kz

Мадрид полициясы пәтерлердің бірінен кемінде 15 жыл бұрын қайтыс болған 78 жастағы әйелдің денесін тапты, деп жазды stan.kz.

Көршілері Изабел Ривераны соңғы рет 2004 жылдың қыркүйегінде көрген. Жергілікті тұрғындар оның пәтерінен шыққан иісті сезген, бірақ полиция олардың шағымдарына жауап бермепті.

Осы аптада екінші қабаттың терезесінен кірген өрт сөндіруші Ривераның денесін ваннадан тапты.