Жеті қабаттық тұрғын үй құлап, бес адам қайтыс болды
ria.ru
Оқиға орнында 300-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Грузияның Батуми қаласында жеті қабатты тұрғын үйдің кіреберісі опырылып түсті. Адамдар мен үйдің жанында тұрған көліктер үйінді астында қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Соңғы мәлімет бойынша бес адам қаза болды. Үйінді астында тағы бірнеше бала бар.
«Құтқарушылар көз жұмған бесінші адамның мәйітін шығарды. Біздегі мәлімет бойынша ол кәмелетке толмаған»,– делінген жергілікті телеарнаның хабарламасында.
Оқиға орнында 300-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр.
Грузияның ішкі істер министрлігі ғимарат құлағаннан кейін бірінші қабаттағы пәтердің иесі мен онда жөндеу жүргізген екі жұмысшының ұсталғанын хабарлады. Олар қандай күдікке ілінгені әзірге белгісіз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51