Әлемде соңғы бір тәулікте 72 мың 955 адам коронавирус жұқтырған
Anadolu Agency l Getty Images
Ал жалпы індетпен дүниежүзінде 1 млн 855 мың 830 адам ауырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әлемде соңғы бір тәулікте 72 мың 955 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал жалпы індетпен дүниежүзінде 1 млн 855 мың 830 адам ауырады. Бұл көрсеткіш сағат санап өсіп жатыр. Қазірдің өзінде 114 мыңнан астам адам көз жұмса, 425 мыңға жуығы жазылып шыққан. АҚШ-та 560 мыңнан аса адам инфекция жұқтырып, қаза болғандар саны 22 мың адамнан асты. Ал Испанияда соңғы бір тәулікте 5 мыңнан аса адам вирусты жұқтырып, 167 мыңға жуықтады. Испанияның туризм министрі қатаң карантин шаралары біткеннен кейін де елде қашықтан қызмет ету шаралары жалғасатынын мәлімдеді. Ұлыбританияда 84 мыңнан астам ауырып, елдің премьер-министрі Борис Джонсон ауруханадан үйге шығарылды. Бірақ ол жуық арада жұмысқа оралмайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25