ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір қазақстандық вакцинаны енгізді

16.09.2020 18:50

Қазір ол клиникаға дейінгі зерттеуден өтіп жатыр

istockphoto.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вакциналық үміткерлер тізіміне наноэмульсивті майлы адъювант негізіндегі SARS-CoV-2 (COVID-19) вакцинасы енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Вакцинаның 9 қыркүйекте тіркелгенін Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов Facebook парақшасында жазды. 

Бұл вакцинаны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің М.Айқымбаев атындағы ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы бірлесе жасап шығарған. Қазір ол клиникаға дейінгі зерттеуден өтіп жатыр.