Ашынған мұғалім сұхбат беруге жалаңаш күйінде келді

stan.kz
stan.kz
Виктория Бейтман Ұлыбританияның Еуро Одақтан шығуға осылайша қарсылық білдіргісі келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кембридж университетінің докторы, оқытушы  Виктория Бейтман BBC Radio 4 арнасына жалаңаш күйінде сұхбат берді, деп жазды stan.kz.

Виктория Бейтман Ұлыбританияның Еуро Одақтан шығуға осылайша қарсылық білдіргісі келді.

Сарапшы жүргізуші Джон Хамфриске 5 минуттың сұхбат уақытын беруі тиіс еді. Бейтман пальтосын шешкенде, жүргізуші оның жалаңаш екенін көреді.

«О, сен жалаңаш күйдесің ғой», – деді жүргізуші.

Ол мұғалімнің денесінде «Брекзит Британияны жалаңаш қалдырды» делінген жазбаны оқыды.

Сұхбат кезіде сарапшы парламент мүшесі Джейкоб Рис-Моггуге қоңырау тастады. Ол Брекзиттің жақтаушысы.

«Мен Джейкобты Рис-Могпен ашық пікір талас жүргізуге шақырамын. Бұл мәселенің соңына дейін барамыз», -деді ол.

Бұл жайлы Бейтман желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін таңертең радиодан Бекзит жайлы айтам. Студияда жылы деп ойлаймын», – деп жазды.

Бейтманның бұл әрекетіне сын айтқандар бар. Көпшілік оның жалаңаштануын күлкілі деп қабылдады.

«Сізді күнә істедіңіз деп ойламаймыз, сіз күнәлі іс істедіңіз деп ойлаймын», – дейді журналист Пирс Морган.



Новости партнеров