Белгілі актер індеттен сақтанудың жолын көрсетті

16.03.2020 в 18:56

Төрт аяқты досы иесін құдды қолдайтындай басын изеп қояды

Терминатордың өзі коронавирустан қорғануда. Голливудтық белгілі актер Арнольд Шварцнеггер індеттен сақтанудың жолын көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол өзінің инстаграм парақшасына қолын сабынмен жуып, итіне түсіндіруде. Төрт аяқты досы иесін құдды қолдайтындай басын изеп қояды. Шварцнеггер қолды 20 секунд бойы әбден жуу керектігін айтып жатыр. Еске салайын, осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Доктор Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирусқа қарсы челлендж жасаған еді. Әлеуметтік желіге тарап кеткен бұл видеода тек тазалықтың қауіпті вирусты жеңуге күші жететіні көрсетілген. Сондай-ақ, әлемдегі әрбір адам өзін COVID-19 инфекциясынан қорғау үшін, ең алдымен жеке гигиенаны қатаң ұстанып, қолды сабынмен үйкелеп бірнеше мәрте жууы қажет екендігі айтылады. Осы тұста қос кетейін, қолды мынадай құрамында спирті бар анисептікпен жиі сүртіп тұру қажет.