UFC тарихындағы ең табысты спортшының есімі белгілі болды

23.04.2020 в 18:56

Forbes-тің мәліметінше, ирландиялық спортшы 2019 жылы 45 миллион доллар табыс тапқан

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор UFC тарихындағы табысы ең жоғары спортшылар тізімінде көш бастады деп хабарлайды Kaz.nur.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Конор Макгрегор.

The Sun басылымының мәліметінше, Макгрегор әлемнің ең беделді турнирінде өткізген жекпе-жектері үшін 12 миллион доллар алған. Екінші орында – ауыр салмақтағы голландиялық Алистар Оверим. Оның табысы 8,7 миллион долларды құрады. Табысы ең жоғары спортшылар үштігін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагамедов түйіндейді. Басылым аралас жекпе-жек шеберлерінің гонорарларын ұсынғанда pay-per-view төлемдерін есепке алған жоқ.

Бір қызығы, UFC-дің үздік спортшылар рейтингінде көш бастап тұрған жартылай ауыр салмақтағы чемпион – америкалық Джон Джонс бұл тізімде жетінші орынға жайғасқан. Ол аталған чемпионаттағы жекпе-жектері үшін 6,48 миллион доллар алыпты. Конор Макгрегор – екі салмақ санатынағы бұрынғы UFC чемпионы. Forbes-тің мәліметінше, ирландиялық спортшы 2019 жылы 45 миллион доллар табыс тапқан.