Жиырма жыл бұрын өлген 10 жасар балаға қатысты сұмдықтың беті ашылды

08.02.2019 18:57

Баланың мәйіті бұзылып кеткендіктен, полицейлер ол кезде оның кім екенін анықтай алмаған

1998 жылы қыркүйекте АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы билбордтардың жанынан 10 жасар баланың мәйіті табылған. Қылмыс 20 жылдан кейін ашылды.

Баланың мәйіті бұзылып кеткендіктен, полицейлер ол кезде оның кім екенін анықтай алмаған. Ал баланың сыртқы көрінісі жоғалған балалардың ешқандай сипаттамасына сәйкес келмепті.

Алайда жақында бет-әлпетті қалпына келтіру технологиясы мен ДНҚ-ны салыстырудың арқасында өлген баланың аты-жөні Роберт Уитт екені анықталды. Зерттеушілердің қуанышы ұзаққа созылмады, өйткені олар таяуда сол технологияның көмегімен басқа бір мәйітті таныған. Роберттің, яғни Боббидің мәйітінен 350 шақырым қашықтықта оның анасы Мьенг Хва Чоның мәйіті табылған.  

Зерттеушілер Мьенг пен Боббидің туыстарын іздеп тапты. Олар 20 жыл бұрын болған оқиғаны естіп, қатты қайғырыпты. Марқұмдардың жақындары ана мен баланы тарихи отаны Оңтүстік Кореяға кетіп қалды деп ойлап келіпті. Сондықтан ешкім олардың жоғалғаны туралы арыз бермеген, деп жазады Sputniknews.kz life.ru сайтына сільеме жасап.

«Бобби өте сүйкімді әрі мейірімді бала еді, үнемі күліп жүретін», - дейді марқұмдардың туысы.

Қандықол қылмыскер Боббидің әкесі болып шықты, ол қылмысын жасыру үшін жұртқа әйелі мен ұлының аяқ астынан елден кетіп қалғанын айтқан. Қазір ол адам тонағаны үшін түрмеде отыр екен. Күдікті кінәсін мойындады.