Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігі әуеде ашылып кетті
adme.media
Ұшақ әуежайға ашық есікпен қонды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігі 213 метр биіктікте ашылып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Әуе кемесі Тэгу қаласына бағыт алған. Ал бортта 194 адам болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Дегенмен, 9 адамды ауруханаға жатқызуға тура келген. Олар оқыс жағдайдан шошынып, сол уақытта тыныс алуы қиындаған.
Ұшақ әуежайға ашық есікпен қонды. Полиция апаттық қақпаның жанында отырған 30 жастағы ер адамнан жауап алып, тұтқаны не үшін тартып қалғанын тергеуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43