Вьетнамда Яги тайфунынан қаза тапқандар саны 141-ге жетті

11.09.2024 19:01

Сондай-ақ 59 адам із-түзсіз жоғалып кетті

© AP / Nguyen Anh Tuan/VNA

Вьетнамның солтүстігіндегі Яги тайфуны салдарынан қаза тапқандар саны 141-ге жетіп, 59 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша «Яги» тайфуны салдарынан болған лай көшкіні мен су тасқыны Вьетнамның солтүстік аймағында 141 адамның өмірін қиды және тағы 59 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Вьетнамның Ауыл шаруашылығы және аграрлық даму министрлігі хабарлады.

Қайтыс болғандардың ішінде 29 адам Каобанг провинциясында, 45 адам Лаокай провинциясында және 37 адам Йенбай провинциясында тіркелді.

Вьетнам ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Туенкуанг провинциясының жергілікті билігі сейсенбі күні кешке Ло өзені бөгетінің су деңгейі көтерілуіне байланысты бұзылғанын растады.

Ел астанасы Ханойдағы Хонг Ха (Қызыл өзен) өзенінің су деңгейі үш ескерту деңгейінің екіншісінен асып кетті және сәрсенбі күні түстен кейін ең жоғары деңгейге жетеді деп болжанып отыр. Бұл туралы елдің Ұлттық гидрометеорологиялық болжау орталығы мәлімдеді.

Орталық сәрсенбі күні таңертең елдің солтүстігіндегі өзендерд су деңгейінің тым жоғары болатыны туралы ескерту жасады.

Оқи отырыңыз: Вьетнамда Яги тайфунынан 14 адам қаза тапты