Австралия полициясы 183 адамды, оның ішінде 40 шақты кәмелетке толмаған жастарды сотқа берген
Австралиядағы бірнеше ай бойы тоқтамай тұрған орман өртін қасақана ұйымдастырды деген айыппен 200-ге жуық адам күдікке алынды, – деп хабарлайды Stan.kz.
Австралия полициясы 183 адамды, оның ішінде 40 шақты кәмелетке толмаған жастарды сотқа берген.
183 адамның 53-і өрт қолдануға тыйым салу туралы ескертулерді ескермеген, ал 47 адамға темекі мен сіріңкені өрт қауіпсіздігін ескермей қолданған деген айып тағылған.
24 адам өрттен ең қатты зардап шеккен Жаңа Оңтүстік Уэльсте орман өртін қасақана ұйымдастырды деп айыпталған.
Айта кетейік, Австралияда орман өрті өршіп тұр. Елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде адамдар өрт салдарынан жағалауларда жан сауғалауға мәжбүр. Жыл басында өрттен 12 адам, оның ішінде 3 ерікті өрт сөндіруші қайтыс болғаны мәлім болған еді. ВВС күзден бері тоқтаусыз жанып тұрған тілсіз жаумен күрескендер арасында 24 от өшіруші қаза тапқанын, 17 адам жоғалып кеткенін хабарлады. Экологтар өрт кесірінен миллиардтан астам жан-жануар жанып кеткен дейді.