Жаңа туған сәбиді ит жеп кеткен

Коллаж Almaty.tv
Коллаж Almaty.tv
Қайғылы жағдай тура операция бөлімінде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жекеменшік аурухананың операция бөлімшесінде жаңа туған сәбиді ит кеміріп тастаған. Оқиға Үндістанның Фарукхабад қаласында орын алды, деп хабарлайды IndiaToday.


Шетінеген шарананың ата-анасы аурухана қызметкерлерінің операция бөлімшесіне кіріп кеткен итті қуып жатқандарын өз көздерімен көрген. Соның артынша-ақ оларға жайсыз хабарды жеткізген. Ол кезде сәбидің туғанына екі-ақ сағат болған еді.

Полицейлердің есебінде баланың әкесі Рави Кумар әйелін перзентханаға дүйсенбі күні таңғы сағат 7:30-да әкелді деп көрсетілген. Содан кейін ол көп ұзамай кесер тілігін жасату үшін операция бөлімшесіне ауыстырылған, ал бір сағаттан кейін палатаға шыққан. Отбасына баланың жағдайы жақсы екенін, оны көп ұзамай анасына беретінін жеткізген. Алайда, нәтижесінде қаралы хабарды естірткен.

Қайғылы жағдайды естіген соң операция бөлімшесіне кірген әкесі еденде қанға боялып жатқан баланың денесі мен мойны мен денесінің бірнеше жерідегі терең жарақатарды көрген. Және дәрігерлер итті қуып шығара алмай әуре болып жатқан.

Өз кезегінде аурухана иесі Виджай Патель баланың өлі туғанын, денесінің ата-анасына бірден берілгенін айтып, өз дегенінен танбай отыр. Ол ешқандай да ит болған жоқ, баланың денесінде де ешқандай жарақат жоқ деп, барынша өздеріне шаң жуытпай отыр.  

Бүгінде аурухана уақытша жабық тұр, ал сәбидің денесі зерттеуге жіберілді.


Новости партнеров