Құлаған көмір қойманың астындағы су құбырларын зақымдап, салдарынан су атқылаған
Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында жерасты көмір бункері опырылып, астында қалып қойған жеті кенші қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Провинция үкіметінің хабарлауынша, соңғы құрбанның мәйіті 06:23-те табылды, бұл Чжунян уезіндегі көмір өнеркәсіптік корпорациясының көмір кенішіндегі іздеу-құтқару жұмыстарының аяқталғанын білдіреді.
— Қайғылы оқиға дүйсенбі күні сағат 22:45 кезінде көмір шахтасында істен шыққан құрылғыға техникалық қызмет көрсету кезінде болды, нәтижесінде жеті кенші үйінді астында қалып қойды. Құлаған көмір қойманың астындағы су құбырларын зақымдап, салдарынан су атқылап, құтқару жұмыстарын қиындатты, — деді шахта меңгерушісі Гао Найчун.
Оқи отырыңыз: Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Чехияда ұсталды