Калифорния жағалауында кит екі туристі жұтып қойды

22.07.2022 19:10

Оқыс оқиғаны сол жерде жүрген адамдар видеоға түсіріп алған

comnavikagoshima.com

Калифорния жағалауында алып кит демалып жүрген екі туристі жұтып қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиғаны сол жерде жүрген адамдар видеоға түсіріп алған. Онда мұхит үстінде қайықпен жүзіп жүрген екі әйелді теңіз жануары жұтып қойғаны байқалады. Бірақ абырой болғанда кит жұтқан адамдарын қайта құсып тастаған. Олардың денсаулығы мен өміріне еш қауіп төнбепті. Айта кетейік киттер ұсақ балықтармен, шаянтәрізділермен және ұлулармен қоректенеді.