Нью-Йоркте түнгі клубтағы атыс салдарынан 4 адам қаза тапты

13.10.2019 19:16

Зардап шеккендердің барлығы қаладағы ауруханаларға жеткізілді

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында атыс салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Билік өкіліне сілтеме жасаған New York Post газеті оқиғаның Бруклинде болғанын жазды.  

Басылым мәліметінше, сенбіде Бруклиннің оңтүстігіндегі түнгі клубта атыс болды. Зардап шеккендердің барлығы қаладағы ауруханаларға жеткізілді.

Сонымен қатар, осы іске қатысты екі адам полицияға жеткізілген.