Ресей шетелдік студенттерді қабылдай бастады

15.09.2020 19:17

Бұл туралы РФ ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков айтты

©РИА Новости

Ресейдің жоғары оқу орнының бірінші курсына түскен шетелдіктер қырқүйектен бастап, елге кіре алады. Бұл туралы РФ ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз қыркүйекте бірінші курс студенттеріне мүмкіндік бергелі отырмыз... Олар Ресей Федерациясына белгіленген алгоритм бойынша келе алады. Бұл тек шекарасы ашылған мемлекеттерге қатысты», – деді Фальков "Единая Россия" фракциясы президиумының отырысында.

Министр көптеген шетел азаматының, оның ішінде студенттердің ірі қалаларға келуі коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне ықпал еткенін атап өтті.