Резонанс тудырған қылмыс өткен жылдың тамыз айында жасалған
«2019 жылдың 1 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30-да (Астана уақытымен 8.30) Чжэцзян провинциясындағы Вэньчжоу қаласының Орта сатыдағы халық соты аса қатыгездікпен жасалған зорлау, тонау және кісі өлтіру қылмысы бойынша айыпталушы Чжун Юанді өлім жазасына кесті», – делінген мәлімдемеде.
Резонанс тудырған қылмыс өткен жылдың тамыз айында Чжэцзян провинциясының Юэцин қаласында жасалған.
20 жастағы қызды Didi таксиінің «жол-жөнекей автокөлік» қызметін пайдаланған соң айуандықпен өлтіріп кеткен. Жергілікті уақытпен сағат 14.00 шамасында қыз көлікке отырған, біраз уақыттан кейін зәресі ұшқан қыз құрбысына хабарлама жіберіп, жүргізуші ешбір көлік жоқ тау жолымен келе жатқанын жеткізген, сондай-ақ өзінің қайда екені туралы мәліметті жіберіп үлгереді. Тағы бес минуттан кейін «құтқарыңдар» деген хабарлама жіберген, содан кейін байланысқа шықпаған.
Полиция қылмыскерді ұстады, ол қызды зорлап өлтіргенін мойындап, мәйітті тастаған орынды көрсетті.
Осы оқиғадан кейін Didi компаниясы бүкіл ел бойынша «жол-жөнекей автокөлік» қызметін көрсетуді тоқтатты.